Warning: session_start(): Session cannot be started after headers have already been sent in /var/www/vhosts/125semey.edu.kz/httpdocs/app/database/db.php on line 4

Warning: include(include/script.php): Failed to open stream: No such file or directory in /var/www/vhosts/125semey.edu.kz/httpdocs/include/header.php on line 75

Warning: include(): Failed opening 'include/script.php' for inclusion (include_path='.:/opt/plesk/php/8.3/share/pear') in /var/www/vhosts/125semey.edu.kz/httpdocs/include/header.php on line 75

Мектеп тарихы

«INNOVERSE SEMEY» ЖШС жеке меншік 125 High School Семей – заманауи білім беру жүйесінің үлгісі болып табылатын мектептер желісі

«INNOVERSE SEMEY» ЖШС жеке меншік 125 High School мектебі – заманауи білім беру жүйесінің үлгісі болып табылатын мектептер желісі. Өз бастауын 2019 жылы Тараз қаласынан алып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ашылып келеді.

Атап айтатын болсақ Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларында мектеп филиалдары орналасқан.

2022 жылы – Семей қаласында мектеп ашылуы

Семей – Қазақстанның білім мен мәдениет орталықтарының бірі. Қалада талай зиялы қауым өкілдері білім алған, ғылым мен өнердің дамуына үлес қосқан. Осындай тарихи және зияткерлік ортада 125 High School Semey мектебінің ашылуы – аймақтың білім беру жүйесіне жаңа серпін берген маңызды оқиғалардың бірі.

Семей қаласында бұл мектеп 2022 жылы бой көтеріп, үздік нәтижелерді көрсетіп келеді.

Мектептің ерекшеліктері

🔹 Жаңашыл білім беру жүйесі – оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес білім алады.

🔹 Қуатты мұғалімдер құрамы – жоғары білікті ұстаздар білім береді.

🔹 Заманға сай инфрақұрылым – жабдықталған сыныптар, зертханалар, спорттық және шығармашылық алаңдар.

🔹 Олимпиадалар мен жобалар – оқушылар түрлі интеллектуалды сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетеді.

🔹 Тұлғалық даму – мектеп тек академиялық білім беріп қана қоймай, оқушыларды өмірге дайындайды, олардың жауапкершілігін, дербестігін және көшбасшылық дағдыларын дамытады.

Болашаққа бағдар

«INNOVERSE SEMEY» ЖШС жеке меншік 125 High School алдағы жылдары да өз даму жолын жалғастыра отырып, оқушыларға сапалы білім мен өмірге қажетті дағдыларды беруді мақсат етеді.

Бүгінгі таңда мектеп түлектері Қазақстан мен шетелдегі үздік жоғары оқу орындарына түсіп, түрлі салаларда жетістіктерге жетуде.

«INNOVERSE SEMEY» ЖШС жеке меншік 125 High School Семей – бұл тек мектеп емес, болашаққа бастар жол!

БАСҚА КӨЗДЕР